Accessibility links

Путин: Санкция салғандар өздері-ақ жалығады


Владимир Путин, Ресей президенті. 9 ақпан 2018 жыл.
Владимир Путин, Ресей президенті. 9 ақпан 2018 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин ресейлік бизнес өкілдерімен ақпанның 9-да кездесіп, жиында "санкция салған Батыс елдері таяу уақытта өздері-ақ жалығады, қарым-қатынас жақсарады" деген пікірін айтқан.

Ірі бизнес пен өндіріс басшыларының басын қосатын Ресей өнеркәсіп және кәсіпкерлер одағының жабық съезінде сөз сөйлеген Ресей президенті "Олар жақында жалығады. Түбінде дұрыс қарым-қатынас жолына шығамыз деп сенемін" деген.

Путиннің бұл пікірі наурыздың 18-не жоспарланған Ресей президентінің сайлауына бірнеше апта қалғанда шығып отыр. Бұл сайлауда Путин жеңіске жетеді деп болжанады. Санкцияға байланысты президент пікірінің пайда болуы ресейлік бизнес өкілдерінің Батыс елдері қысымына алаңдауына тұспа-тұс келген.

АҚШ және Еуропа одағы елдері, оған қоса тағы бірнеше мемлекет Ресейдің Украина шығысындағы әрекеттері мен Қырымды тартып алуына байланысты экономикалық санкциялар қойған.

АҚШ Қаржы министрлігі 30 қаңтарда Ресей президенті Владимир Путинге жақын делінген және болашақта санкция салынуы әбден мүмкін адамдардың «Кремль есебі» деп аталатын тізімін жариялаған. Құжатқа ресейлік 144 жоғары шенді шенеунік пен 96 олигарх және бизнесмен енгізілген.

XS
SM
MD
LG