Accessibility links

Олимпиада серверлеріне хакерлік шабуыл


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында ақпанның 9-да басталған Қысқы олипиада ойындарының ашылу салтанатына 45 минуттай қалғанда олимпиада серверлеріне хакерлік шабуыл жасалған.

Бұл туралы олимпиаданың ұйымдастыру комитетіне сілтеген "Рёнхап" ақпарат агенттігі хабарлайды. Кибершабуылдан журналистерге арналған пресс-орталықтың цифрлы телевизия жүйесінің жұмысына нұқсан келген.

Ұйымдастырушылар серверлерді өшіре тұруға мәжбүр болған. Олипиада сайты да біраз уақыт жұмыс істемеген. Серверлер мен сайт жұмыс істемей тұрған уақытта онлайн билет алған жанкүйерлер билеттерін басып шығара алмай қалды.

Сайт жұмысы сенбі, ақпанның 10-ы күні таңертең 8-де ғана қалыпқа келген. Ұйымдастырушылар серверді жөндеуге 15 сағаттай уақыттарын жұмсаған екен.

Олимпиада ұйымдастырушылары бұл кибершабуылдан спортшылар мен көрермендерге ешқандай залал тимегеніне сендіреді. Серверлерге шабуыл жасаған хакерлік топтың аты аталған жоқ.

XS
SM
MD
LG