Accessibility links

Масктың Tesla Roadster көлігі ғарыш кемелерінің базасына енді


Falcon Heavy зымыран тасығышы ғарышқа жеткізген Tesla Roadster автокөлігі. 6 ақпан 2018 жыл.
Falcon Heavy зымыран тасығышы ғарышқа жеткізген Tesla Roadster автокөлігі. 6 ақпан 2018 жыл.

SpaceX компаниясының жетекшісі өнертапқыш Илон Масктың ғарышқа жіберген автокөлігі NASA-ның ғарыш кемелері базасына Tesla Roadster/Starmen атауымен енді. Бұл арнайы базаны NASA-ның Күн системасы динамикасын зерттеу тобы жүргізеді.

NASA HОRIZONS сипаттамасына ғарышқа жіберілген Tesla Roadster көлігіндегі барлық зат тіркелген екен: скафандрдегі қуыршақ адам, Айзек Азимовтың кітабы, SpaceX компаниясының алты мың қызметкерінің аты жазылған тізім, тағы басқалар. Ғарыш кемесінің салмағы шаммен 1250 килограмдай.

Falcon Heavy Жердің жақын орбитасына 64 тоннаға дейін жүк жеткізе алады. Бұл масса «Протон-М» зымыран тасығышы жеткізетін жүктен (23 тонна) үш есеге жуық көп. Space X компаниясы Falcon Heavy-дің үдеткіш блоктарын екінші қайтара ғарышқа ұшыруды жоспарлап отыр. Бұл іске асса, онда ғарышқа ұшу мен жүк жеткізу бағасы арзандауы мүмкін.

Көре отырыңыз: Falcon Heavy кемесінің дайындығы мен ұшуы

Илон Масктың космостық бағдарламасының басты мақсаты Марсқа ұшу. Ал ғарышқа жіберілген Tesla Roadster космоста миллиондаған жыл бойы ұшып жүре береді деп есептейді ғалым. NASA базасында Tesla 2030 жылға дейін бақыланбақ.

XS
SM
MD
LG