Accessibility links

Филинковтың азаптау туралы шағымы ФСБ-ға берілгені хабарланды


ФСБ әскері. (Көрнекі сурет).
ФСБ әскері. (Көрнекі сурет).

Ресейдің Батыс әскери соты "әлдебір террорлық топпен қатысы болуы мүмкін" деген күдікпен Петербургте ұсталған Виктор Филинковтың азапталғаны туралы мәліметті тексеруден бас тартып, оны Федералды қауіпсіздік қызметіне (ФСБ) табыстады. Бұл туралы халықаралық "Агора" құқық қорғау ұйымының адвокаты Виталий Черкасев Facebook-те хабарлады.

Филинковтың айтуынша, өзін ФСБ қызметкерлері мен бетперде киген адамдар орманға апарған. Филинковтың әйелі бұған дейін күйеуіне «кінәсін қинап мойындатқанын» айтқан. Филинков кінәсін мойындайтыны туралы құжатқа қол қойған соң өзіне «сөзінен таймауды» ескерткенін айтады. Оның сөзінше, «Сөзіңнен тайсаң, туберкулезбен ауыратындар отыратын абақтыға қамаймыз» деп қорқытқан.

25 қаңтарда Санкт-Петербург соты 23 жастағы Виктор Филинковты екі айға қамаған. Тергеу долбарына қарағанда, Филинков пен тағы бірнеше адам «террорлық іс-әрекет жасап, оны насихаттайтын» топ құрмақ болған.

Бұған дейін ресейлік БАҚ Виктор Филинковты Қазақстан азаматы деп хабарлаған еді. Азаттық Қазақстан сыртқы істер министрлігінен Виктор Филинковке қатысты комментарий ала алмады. Қазақстан сыртқы істер министрлігі бар болғаны дипломаттардың Филинковтың ұсталуына қатысты Ресей тергеу органдарына тиісті сауал жолдайтынын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG