Түркіменстанда доллар бағамы 14-15 манатқа дейін өсіп, артынша азық-түлік бірден қымбаттады. Бірінші кезекте импорт өнімдерінің бағасы өсті. Жергілікті өнімдердің бағасы да аздап көтерілді.
"Хроника Туркменистана" басылымының мәліметінше, 5 литрлік күнбағыс майы 46-дан 58 манатқа, бір келі қант бағасы 5-ден 7 манатқа қымбаттады.
Қазақстан ұнының бағасы екі есеге - бір келі ұн 2 манаттан 4 манатқа дейін өсті
6 келілік Persil кір жуғыш ұнтағы 65 манаттан 96 манатқа бірақ көтерілген. Жергілікті бір литрлік «Ахал» сұйық майы майының бағасы 5-тен 8 манатқа қымбаттаған.