Accessibility links

Назарбаев ұшақ апаты құрбандарына байланысты Путинге көңіл айтты


Мәскеу түбіндегі ұшақ апатқа ұшыраған аумақта жұмыс істеп жатқан құтқарушылар. 11 ақпан 2018 жыл.
Мәскеу түбіндегі ұшақ апатқа ұшыраған аумақта жұмыс істеп жатқан құтқарушылар. 11 ақпан 2018 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинге Мәскеу түбіндегі ұшақ апатынан ондаған Ресей азаматының қаза табуына байланысты жеделхат жолдады деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. «Мемлекет басшысы Мәскеу облысында Ан-148 жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауынан адамдардың қаза тапқаны туралы қайғылы хабарды күйзеле қабылдады» делінген президенттің баспасөз қызметі жариялаған жеделхатта.

11 ақпан күні «Саратов әуе жолдары» компаниясының Мәскеуден Орск бағытына ұшып шыққан Ан-148 ұшағы Мәскеу түбінде құлаған. Апаттан бортта болған 71 адам – 65 жолаушы мен экипаждың алты мүшесі түгел қаза тапқан. Ұшақ «Домодедово» әуежайынан ұшып шыққан соң ұзамай радардан жоғалып кеткен еді. Кейін ұшақтың Раменский ауданына құлағаны белгілі болған.

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Ан-148 ұшағы апаты құрбандарының арасында Қазақстан азаматы жоқ.

Ан-148 ұшағының құлағаны туралы видео:

XS
SM
MD
LG