Accessibility links

БАҚ: Ресей Сарышағанда зымыраннан қорғаныс жүйесін сынады


Ресейдің С-400 зымыраннан қорғаныс кешені (Көрнекі сурет).

Ресей әскерилері Қарағанды облысының Сарышаған полигонында зымыраннан қорғаныс жүйесін кезекті рет сынап, зымыран ұшырды деп хабарлады Ресей қорғаныс министрлігіне қарасты «Красная звезда» басылымы. Сынақ зымыраннан қорғаныс жүйейін модернизациялау бағдарламасы аясында жасалды.

Ресей әуе-ғарыштық күштері әуе шабуылынан және зымыран шабуылынан қорғаныс қорғаныс құрылымы қолбасшысының орынбасары Андрей Приходько сынақтан соң «жаңартылған зымыраннан қорғаныс жүйесі тапсырманы сәтті орындап, шартты нысананы асқан дәлдікпен атып түсіргенін» айтты.

Зымыраннан қорғаныс жүйесінің сынақтан қашан өткізілгені және басқа да егжей-тегжейлі ақпарат берілмеді, бірақ жаңартылған зымыраннан қорғаныс жүйесінің тактикалық және техникалық мүмкіндіктері «қолданыстағы қарудан әлдеқайда асып түсетіні» айтылады. Басылым Сарышағанда сыналған зымыраннан қорғаныс жүйесі Мәскеу түбіндегі Софрино полигонында орналастыру жоспарланып отырғанын жазды.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

Денис Тен өліміне қатысы екі күдікті ұсталды
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:09 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG