Accessibility links

Ерлан Біләлдің орнына жаңа директор тағайындалды


Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры.
Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры.

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік драма театрының директоры болып Асхат Маемиров тағайындалды деп хабарлады мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Асхат Маемиров бұған дейін «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымын басқарған, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының театр өнері факультетінің деканы болған.

Асхат Майемиров Қазақстандағы драма театрларда, опера және балет театрларында бірнеше қойылым мен операны сахналауға қатысқан.

Әуезов атындағы театрдың бұған дейінгі директоры Ерлан Біләлді 7 ақпан күні Алматының Алмалы аудандық соты «пара алу» және «қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу» деген айыппен 52,5 миллион теңге айыппұл салып, мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру жазасын кескен. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қаңтардың басында Ерлан Біләлдің «пара алу сәтінде қолға түскенін» хабарлаған. Ерлан Біләл бұдан соң істің мән-жайы анықталғанға дейін театр директорлығы қызметінен шеттетілген еді.

Көре отырыңыз: Ерлан Біләлге үкім оқылған сәт (7.02. 2018)

Біләлдің үкімі оқылған сәт
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:51 0:00

XS
SM
MD
LG