Accessibility links

Алматыға Берік Жүйріктаев прокурор болды


Алматы қаласының прокуратурасы (Көрнекі сурет).
Алматы қаласының прокуратурасы (Көрнекі сурет).

Алматы қаласының прокуроры болып Берік Жүйріктаев тағайындалды деп хабарлады қалалық прокуратураның баспасөз қызметі. Жүйріктаев бұған дейін қала прокурорының бірінші орынбасары болған. Ресми мәлімет бойынша, Жүйріктаевты бас прокурор Қайрат Қожамжаров 12 ақпан күні «мемлекет басшысының келісімі бойынша» тағайындады.

40 жастағы Жүйріктаев 2016 жылдан бері облыс прокурорлығына президенттің резервінде тұрған. Әр жылдары Алматы қаласы және Алматы облысының прокуратураларында лауазымды қызметтер атқарған. 2010-2013 жылдары Алматы прокурорының орынбасары болған. 2013 жылы қазан айында Алматы прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалған.

Алматының бұған дейінгі прокуроры Ғабит Миразов 31 қаңтар күні «тәртіптік теріс әрекет жасағаны үшін» бас прокурордың бұйрығымен қызметінен босатылған.

XS
SM
MD
LG