Accessibility links

HRW: Душанбе тәуелсіз журналист Мирсаидовты босатсын


Хайрулло Мирсаидов, тәжікстандық тәуелсіз журналист.

Human Rights Watch (HRW) халықаралық құқық қорғау ұйымы Тәжікстан билігін қамауда отырған журналист Хайрулло Мирсаидовты босатуға шақырды. Бұған дейін Мирсаидовты қамауға алу мерзімі тағы екі айға ұзартылған.

«Ол ендігі заңсыз екі ай абақтыда отырды. Бұл сайқымазақты дереу тоқтату керек» деп жазды Twitter-де HRW-дың Орталық Азия бойынша зерттеушісі Стив Свердлов.

Былтыр 5 желтоқсанда Хайрулло Мирсаидовті Соғды облысының прокуратурасына шақырып, сол күні оны тұтқынға алған. Оған қарсы төрт бірдей қылмыстық іс қозғалған. Оған "қаржыны талан-таражға салу", "діни, нәсілдік және ұлт араздықты қоздыру" сияқты баптар бойынша айыптар тағылған. Ол бұл айыптар бойынша кінәлі деп танылса, 21 жылға дейін сотталуы мүмкін.

Журналистің әкесі Хабибулло Мирсаидов бұған дейін Азаттыққа ұлы тағылған айыпты мойындамайтынын айтқан.

Өткен аптада Соғды облысының прокуратурасы Мирсаидовты қамауға алу мерзімі «істі толық және шынайы түрде тергеу үшін» прокуртураның сұрауымен ұзартылғанын мәлімдеген.

Хайрулло Мирсаидов бұған дейін өзінің жергілікті билікпен келіспегенін жариялаған. «Мен 8 қарашада ел президенті Эмомали Рахмонға, бас прокурор Юсуф Рахмонға және Соғды облысы төрағасы Абдурахмон Кодириге жергілікті биліктің парақорлығын айтып, ашық хат жазуға мәжбүр болғанмын» деп мәлімдеген журналист.

Мирсаидов әр жылдары «Неміс толқыны» (Deutsche Welle) радиосында, Asia Plus агенттігі мен басқа да БАҚ-та жұмыс істеген. Ол адам құқығы мәселелерін жазып, экология және аз ұлттар мәселесін көтеріп жүрген.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

AzatNews 21.02.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:16:49 0:00
XS
SM
MD
LG