Accessibility links

ФСБ: Қырымда «Украина тыңшысы» ұсталды


ФСБ қызметкерлері (Көрнекі сурет).
ФСБ қызметкерлері (Көрнекі сурет).

Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) Симферопольде Украина азаматын тұтқындады. ФСБ ұсталған украиналық «Украина арнайы қызметіне аннексияланған Қырым аумағындағы ФСБ қызметкерлері мен Росгвардия бөлімдері туралы ақпарат жинап, беріп отырған» деп күдіктенеді. Бұл бойынша «тыңшылық жасау» туралы қылмыстық іс қозғалды. Киев «тыңшы ұсталғаны» туралы ақпаратқа қатысты әзірге комментарий бермеді.

Ресей арнайы қызметі Қырымда «украин диверсанттары» мен «тыңшылары» ұсталғаны туралы жиі хабарлайды. Бірақ көп жағдайда қылмыс жасалғаны туралы ақпаратты іс материалдары «құпия» деп танылғандықтан тексеру мүмкін болмайды. Киев болса ФСБ-нің «украиналық тыңшылардың» ұсталғаны туралы ақпараттарды «жалған» деп жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG