Accessibility links

Молдовада Ресей жаңалықтарын көрсетуге тыйым салынды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Молдовада ақпанның 12-сі күні мемлекеттік телеарналардан ресейлік жаңалықтар мен ақпараттық-сараптамалық хабарларды көрсетуге тыйым салатын заң күшіне енді. Бұл талаптың орындалуын Молдова теледидары мен радиосына бақылау жасайтын Үйлестіру кеңесі қадағаламақ.

Заң күшіне енген күннен бастап бұған дейін ресейлік жаңалықтарды таратып келген телеарналардағы жаңа көрсетілім кестесі жасалып, бекитін болды. Кеңес телерадиоарналарға жоспардан тыс бірнеше тексеру жүргізуді жоспарлап отыр.

Бұған дейін ресейлік жаңалықтарды көрсетуге тыйым салатын заңға Молдова республикасы парламентінің спикері Андриан Канду "ресейшіл президент" саналатын Игорь Додонмен бірге қол қойған. Додон биыл қаңтардың басында қызметінен шеттетілген еді. Додон конституция талап етсе де, шетелдік насихатты шектеу туралы заңды екі рет қабылдамаған болатын.

Молдова Еуропалық трансшекаралық телевизия конвенциясына сай келмейтін ақпараттық-сараптамалық, әскери, саяси хабарларға тыйым салатын заңды қабылдап отыр. Бұл заң аясына Ресей тарататын бағдарламалар да енеді. Алайда Ресейден келетін ойын-сауық бағдарламаларына тыйым салынбайды. Бұл тыйым салу заңын бұзған телерадиокомпанияның лицензиясы қайтып алынуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG