Accessibility links

Трамптың келіні ақ ұнтағы бар конверт алған соң ауруханаға түсті


АҚШ президенті Дональд Трамптың әйелі Мелания Трамп, қыздары Тиффани және Иванка Трамп пен келіні Ванесса Трамп (оң жақ шетте) президент инаугурациясы кезінде. Вашингтон, 20 қаңтар 2017 жыл.
АҚШ президенті Дональд Трамптың әйелі Мелания Трамп, қыздары Тиффани және Иванка Трамп пен келіні Ванесса Трамп (оң жақ шетте) президент инаугурациясы кезінде. Вашингтон, 20 қаңтар 2017 жыл.

АҚШ президенті Дональд Трамптың келіні, кіші Дональд Трамптың әйелі Ванесса Трамп 12 ақпан күні поштамен жеткізілген, ішінде ақ ұнтағы бар конвертті байқамай ашып қойып, ауруханаға түсті. Хат кіші Дональд Трампқа жолданған болып шықты. Ванесса Трамп аурухнаға алдын ала сақтану үшін жатқызылды.

Bloomberg агенттігі АҚШ президентінің келіні конвертті ашқан соң ұзамай әлсіреп, жөтел пайда болғанын және жүрегі айни беретінін айтып дәрігерге көрінгенін хабарлады. Оқиға кіші Дональд Трамптың Манхэттендегі апартаментінде болған.

Бұл оқиғадан соң полиция конвертте қауіпті ешнәрсе жоғын мәлімдеді. Былтыр күзде кіші Трамп ел президенті мен оның отбасы мүшелерін қорғайтын құпия күзет қызметінен бас тартқан еді. Ол кезде президенттің ұлы «жеке өміріне қол сұғылғанын аса қаламайтынын» мәлімдеген.

2016 жылы көктемде Дональд Трамп президенттікке кандидат кезінде оның ұлы Эрик Трампқа күдікті ақ ұнтақ салынған және доқ көрсеткен хат жазылған конверт жолданған еді. Эрик Трамп ол кезде Манхэттенге жақын Орталық паркте тұрған. Хатта егер Республикашыл партия кандидаты президент сайлауынан бас тартпаса онда Трамптың балаларына «жақсылық болмайтыны» айтылған еді. Эрик Трамптың әйелі Лара Юраска конвертті ашқан соң бірден полиция шақыртқан.

XS
SM
MD
LG