Accessibility links

Түркиядағы этникалық 20 қырғыздың Сирияда соғысып жүргені хабарланды


Түркия қолдайтын Сирия ерікті армиясының жасақтары Африн аймағындағы әскери операцияға қатысып жатыр. Сирия, 21 қаңтар 2018 жыл.
Түркия қолдайтын Сирия ерікті армиясының жасақтары Африн аймағындағы әскери операцияға қатысып жатыр. Сирия, 21 қаңтар 2018 жыл.

«Түркияның Ван провинциясында тұратын жиырмаға жуық этникалық қырғыз түрік армиясы құрамында Сирияда соғысып жүр» деп хабарлады Азаттықтың Қырғыз редакциясына «Қырғыз түріктері» қоғамының белсендісі Бунямин Токер. Оның сөзінше, этникалық қырғыздар Сирияның Африн қаласында түрік әскери қызметкерлеріне көмектесіп жүр.

Өткен айда Анкара Сириямен шекарадағы Африн аймағында тұратын күрдтерге қарсы әуе және құрлықтан шабуыл бастаған. Өткен жұма күні Түркия әскерилері Сирияның Идлиб провинциясына жақын жерде бесінші әскери бекеттің құрылысы басталғанын мәлімдеген. Түркия Сирия президенті Башар Асад пен исламшыл жасақтар арасындағы қақтығысты азайту мақсатында, Идлиб пен басқа да провинцияларда 12 бақылау бекетін салу жөнінде Мәскеу және Тегеранмен келіскен.

Түркияның Ван провинциясының Улуу Памир ауылында екі мыңға жуық этникалық қырғыз тұрады.

XS
SM
MD
LG