Accessibility links

Кентау әкімінің бұрынғы орынбасары сотталды


Кентау қаласына кіреберіс жолдағы белгі (Көрнекі сурет).
Кентау қаласына кіреберіс жолдағы белгі (Көрнекі сурет).

Кентау қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Берік Қынатов «пара алды» деп айыпталып, үш жылға сотталды деп хабарлады 13 ақпан күні Азаттыққа Кентау қалалық сотының судьясы Ақылбек Дәуренбеков. Сот Қынатовтың мемлекеттік қызмет атқаруына өмірбақиға тыйым салды.

Былтыр 16 қазанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Оңтүстік Қазақстан облыстық департаменті Қынатовтың «заңсыз ақшалай сыйақы алып жатқан жерінде ұсталғанын» хабарлаған. Тергеу мәліметінше, Қынатов мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізген мердігер ұйымның мүддесін қорғап, «әкімдікке бағынышты әлде бір фирма басшысынан үш жарым миллион теңге алған».

Сот материалы бойынша, сотталушы кінәсін мойындап, ол туралы процессуалдық келісім жасасқан. Сот Берік Қынатов жазасын қауіпсіздігі орташа режимдегі колонияда өтесін деген үкім кесті. Сот үкімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

XS
SM
MD
LG