Accessibility links

Байқоңырдан «Союз 2.1А» зымыран тасығышы ұшырылды


«Союз» зымыран тасығышының ғарышқа ұшырылған сәті. Байқоңыр ғарыш айлағы, 17 желтоқсан 2017 жыл (Көрнекі сурет).
«Союз» зымыран тасығышының ғарышқа ұшырылған сәті. Байқоңыр ғарыш айлағы, 17 желтоқсан 2017 жыл (Көрнекі сурет).

Байқоңыр ғарыш айлағынан 13 ақпан күні Астана уақытымен сағат 14:11-де Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) «Прогресс МС-08» жүк кемесін тіркеген «Союз 2.1А» зымыран тасығышы ұшырылды. Ғарыш кемесі станцияға үш тоннаға жуық жүк жеткізеді. Ғарыш кемесі станциямен 15 ақпан күні түйіседі деп жоспарланған.

«Союз 2.1а» зымыран тасығышы әуелде 11 ақпанда ұшырылады деп жоспарланған еді. Бірақ сол күні ұшыру 13 ақпанға шегерілген. Зымыран қозғалтқыштардың автоматты түрде өшіп қалғанынан ұшырылмағаны хабарланған.

Зымыран халықаралық ғарыш станциясындағы экипажға жанар май, сығымдалған газ, су, ғылыми құралдар, азық-түлік, киім-кешек, дәрі-дәрмек және жеке гигиеналық заттарды жеткізеді.

XS
SM
MD
LG