Accessibility links

Жоғарғы сот «Ақтөбе» клубының экс-директорын ақтады


Дмитрий Васильев, «Ақтөбе» футбол клубының экс-директоры (Сурет Қазақстан футбол федерациясының сайтынан алынды)
Дмитрий Васильев, «Ақтөбе» футбол клубының экс-директоры (Сурет Қазақстан футбол федерациясының сайтынан алынды)

Қазақстан Жоғарғы соты «Ақтөбе» футбол клубының бұрынғы бас директоры Дмитрий Васильевті ақтады деп хабарлады Азаттыққа Васильевтің адвокаты Светлана Кротько.

«Ақтөбе» футбол клубына жетекшілік еткен кезінде бюджеттің 240 миллион теңгесін талан-таражға салды» деп айыпталған Дмитрий Васильев 2016 жылы 8 қараша күні ұсталған еді. Сол кезде оған Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлімінің 2-пункті бойынша айып тағылған. 2016 жылғы 11 қарашадан бері үйқамақта отырған «Ақтөбенің» экс-директоры 2017 жылы 26 мамыр күні сот залынан қамауға алынған.

Былтыр шілде айында Дмитрий Васильевтің бостандыққа шыққаны хабарланған. Адвокат Күләш Маньконың мәліметінше, Дмитрий Васильевтің жазасы 7 жылдық бас бостандығын шектеу жазасымен алмастырылған. Ал 13 ақпан күні Қазақстан Жоғарғы соты «Ақтөбе» клубының бұрынғы бас директоры Дмитрий Васильевті ақтап шыққаны белгілі болды. Адвокат Кротьконың айтуынша, сот қаулысы бір аптаның ішінде қолға берілуі керек. Сондықтан Дмитрий Васильев әзірше Қазақстаннан ешқайда ұзап шықпаған.

Бұл іс бойынша қамауға алынған тағы бір адам - «Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Ескендірбек Маханов қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін жеті жылға бас бостандығынан айырылған. Маханов 2016 жылы қарашаның 28-і күні қамауға алынған. Тергеу оған Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлімінің 2-пункті («Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу»), 28-бабының 5-бөлімі («Қылмыстық құқық бұзушылыққа сыбайлас қатысушы») және 362-бабы 4-бөлімінің 3-пункті («Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану») бойынша айып таққан. Сотта Ескендірбек Маxановты қорғаған адвокат Күләш Манько оның жазасы өзгертілмегенін айтады.

ВИДЕО: Дмитрий Васильевтің соты (03.04.2017)

Дмитрий Васильевтің соты
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:33 0:00

XS
SM
MD
LG