Accessibility links

Министр: Өзбекстанмен шекарада екі кеден бекеті салынады


Қазақстанның Өзбекстанмен шекарасындағы кеден бекетінде кезекте тұрған адамдар (Көрнекі сурет).
Қазақстанның Өзбекстанмен шекарасындағы кеден бекетінде кезекте тұрған адамдар (Көрнекі сурет).

Қазақстанның Өзбекстанмен шекарасында қосымша екі тексеру және өткізу бекеті салынады деп хабарлады қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.

Астанадағы үкімет жиынында сөйлеген Сұлтанов қазақ-өзбек шекарасында тауар айналымының артуына байланысты және Өзбекстан үкіметімен арадағы келісім бойынша қосымша «Сырдария» және «Целинный» деп аталатын екі тексеру және өткізу бекеті ашылатынын айтты. Ол бекеттерде шамамен 120-дан астам адам жұмыс істемек. Бұған қоса үш тексеру және өткізу бекеті енді тәулік бойы жұмыс істейді.

Министр сонымен қатар Құрық жаңа теңіз портындағы өткізу бекеттерін толық жасақтап, тәулік бойы жұмыс істеу режиміне көшіру керегін айтты.

XS
SM
MD
LG