Accessibility links

Теміртау тұрғындары "қара қар" мәселесін тағы көтерді


Үй ауласындағы қара түсті қар. Теміртау, Қарағанды облысы. 7 қаңтар 2018 жыл.
Үй ауласындағы қара түсті қар. Теміртау, Қарағанды облысы. 7 қаңтар 2018 жыл.

Бүгін Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов тұрғындар алдында есеп беру жиынын өткізген кезде қаладағы экология мәселесі тағы көтерілді. Тұрғындар әкім мен жергілікті депутаттарға қалада тыныстау қиындап, жауған қар тағы "қарайып" жатқанын, түтін мен лас ауа сейілмегенін айтты.

- Сіз сондай жақсы есеп бердіңіз, бірақ, экология мәселесіне тоқталмадыңыз. Қалада неге табиғат қорғау бағдарламасы жоқ? "Қара қарға қарсылық" петициясына алты мың адам қол қойды, алайда, арасында бірде бір депутат жоқ. Біз өз ұсыныстарымызды экологиялық комиссияға бастамашыл топ ретінде өткізбекпіз, - деді "қара қарға қарсылық" тобының белсендісі Анжела Волкович.

- Қазір техникалық құжаттар жасалды, мен қол қусырып, бекер отырғаным жоқ. Бір күнде барлығын бітіру мүмкін емес. Рас, Теміртауға бөлінетін қаражат бұған жеткіліксіз, бірақ барлық мәселе бақылауда. Үлкен топ құрдық, мәселені шешумен айналысамыз, кез келген ұсынысты қабылдаймыз, - деді Теміртау қаласының әкімі Ғалым Әшімов.

- Атқарушы билік те, депутаттар да бекер отыр, - деп сынады жергілікті мәслихаттың экс-депутаты Асқар Сәрсекенов - Экология мәселесі қалада бірнеше жылдан бері ушығып барады, бұл қаладағы әлеуметтік ахуалды қиындатып тұр. Не себепті жергілікті жұртқа экологиялық жәрдемақы төленбейді? Қала тұрғындарына арнайы жәрдемақы төлеуді сұраймыз, - дейді экс-депутат.

Әкімнің есеп беру жиынында тұрғындар қаладағы үйлерде жылудың аздығын айтып, ауызсу, жол, білім беру сапасы сияқты проблемаларды да көтерді. Экология мәселесіне байланысты жауаптағыдай, әкім бұл проблемалар да "бір күнде шешіле қалмайтынын" айтты.

Биыл қаңтардың басында Теміртауда жауған қар қара түсті болып, тұрғындар наразылық білдірген. Қаладағы бастамашыл топ "қара қарға қарсы" петицияға бес мыңнан астам адамның қолын жинаған. Петиция Астанадағы Әлия Назарбаева басқаратын "Экологиялық ұйымдар ассоциациясы" заңды тұлғалар бірлестігіне жолданған. Теміртауда тұрғындар ауадағы "химиялық иістерге", көлік пен терезе жақтауына түсетін қара шаңға, қаланы басып қалатын металлургия комбинатынан шығатын түтінге байланысты бұрыннан шағымданып келеді.

Көре отырыңыз: Қара түсті қардан құтқар!

Назарбаеваға теміртаулықтар петиция жолдады
please wait

No media source currently available

0:00 0:15:21 0:00

XS
SM
MD
LG