Accessibility links

Страсбург соты украиналық және ресейлік журналистерді қолдады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Еуропаның адам құқықтары жөніндегі соты (ЕАҚС) Ресей билігін ресейлік және украиналық журналистерге 13700 еуро төлеуге міндеттеді деп хабарлады «Коммерсантъ» басылымы.

Страсбургтегі сот Ресей үкіметін украиналық журналист Максим Буткеевичке тоғыз мың еуро төлеуге міндеттеді. Украиналық «Студия 1+1» телеарнасының журналисі Буткеевич 2006 жылы Санкт-Петербургте өткен G8 саммитінен хабар таратқан. Журналист саммитте жаһандануға қарсы демонстрация кезінде үш тәулікке қамалған.

Сот Ресейді Краснодар өлкесінің журналисі Юрий Иващенкоға 4700 еуро төлеп беруді міндеттеді. 2009 жылы тамызда оны Абхазиямен шекарада ресейлік кеденшілер тоқтатып, тексерген. Иващенконың айтуынша, тексеру кезінде кеденшілер жеке ноутбугінен өзіне тиесілі ғана ақпараттары сақталған 34 файлды заңсыз көшіріп алған. Сот журналиске қатысты жеке және отбасы құпиясын құрметтеу құқығы бұзылған деп таныған.

Бұған дейін жарияланған статистикалық мәліметтер бойынша, Еуропаның адам құқықтары жөніндегі сотына 2018 жылдың басына дейін Ресей билігіне қарсы 10 мыңға тарта шағым түскен.

XS
SM
MD
LG