Accessibility links

Нидерланд СІМ басшысы Путин туралы сөзінен соң отставкаға кетті


Халбе Зейлстра, Нидерландының отставкаға кеткен сыртқы істер министрі.
Халбе Зейлстра, Нидерландының отставкаға кеткен сыртқы істер министрі.

Нидерланд сыртқы істер министрі Халбе Зейлстра отставкаға кетті. Reuters агенттігінің хабарлауынша, бірер күн бұрын ол 2006 жылы Ресей президенті Владимир Путинмен кездескені туралы осы күнге дейін өтірік айтып келгенін мойындаған.

Шенеуніктің сөзінше, ол беделіне кір келтіргендіктен сыртқы істер министрлігін бұдан ары басқара алмайды.

Бұдан бұрын Нидерланд сыртқы істер министрі De Volkskrant газетіне берген сұхбатында бұған дейін айтып жүрген «2006 жылы Путинмен кездестім» деген сөзінің жалған екенін мойындаған. Ол сонымен қатар Ресей президентінің «Ресей ұлылығы» туралы сөзін естімегенін де айтты.

13 ақпан күні ТАСС агенттігі Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Нидерланд сыртқы істер министрімен 14 ақпан күні Мәскеуде кездесуді жоспарлап отырғанын хабарлаған. Сол күні түстен кейін Нидерланд жағы Мәскеуге министр сапары болмайтынын хабардар еткен.

XS
SM
MD
LG