Accessibility links

Пхенчханда қатты желден кей жарыстар кейінге шегерілді


Тау шаңғысы жарыстары өтіп жатқан кешен. Пхенчхан. 14 ақпан 2018 жыл.
Тау шаңғысы жарыстары өтіп жатқан кешен. Пхенчхан. 14 ақпан 2018 жыл.

Қысқы Олимпиада ойындары өтіп жатқан Пхенчхан қаласында қатты жел соғып, кей жарыстан басқа күнге шегерілді. 14 ақпанда Астана уақыты бойынша 17.00-де өтуі тиіс биатлоннан әйелдер арасындағы жекелей жарыс 15 ақпанға шегерілді. Бұл туралы Олимпиада ойындарында хабар таратып жүрген Азаттық тілшісі хабарлады.

14 ақпанда өтеді де жоспарланған тау шаңғысы жарысы да ауа райының қолайсыздығынан 15 ақпанда болады.

Олимпиада паркінің сыртында жүрген жанкүйерлер мен еріктілер сол маңдағы спорт кешендері мен жабық ғимараттарға кіргізілді. Ұйымдастыру комитеті телефон, электронды пошта арқылы жел басылғанша сыртқа шықпай, ғимараттарда қалу туралы ескерту таратып жатыр.

Қысқы олимпиада ойындары 25 ақпанда аяқталады.

XS
SM
MD
LG