АҚШ қорғаныс министрі Джим Мэттис Сирияда өткен аптада ресейлік жалдамалы сарбаздардың қаза тапқаны қолында мәлімет жоғын, бұл туралы тек БАҚ-тан естігенін мәлімдеді.
АҚШ Қорғаныс министрлігі бұған дейін америкалық әуе күштерінің, ұрыс көліктері мен артиллерияның Сирия үкіметі қолдайтын 500-дей жасақты нысанаға алғанын мәлімдеген. Пентагонның хабарлауынша, бұл жасақ АҚШ-тың әскери кеңесшілері мен сириялық оппозиция отрядтарына Дейр-эз-Зор провинциясында шабуыл жасаған.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтің сөзіне қарағанда, Кремль 7 ақпанда болған бұл шабуылдан қаза тапқандар арасында ресейліктер барынан бейхабар. Дегенмен, БАҚ-тың, зерттеушілер мен ресейлік жалдамалы сарбаздардың туыстарының хабарлауынша, шабуылдан ондаған ресейлік сарбаз оққа ұшқан болуы мүмкін.