Accessibility links

БАҚ: Сириядағы «Вагнер» жауынгерлері Ресейде емделіп жатыр


Сириядағы әуе шабуылдарынан кейінгі көрініс (Көрнекі сурет).
Сириядағы әуе шабуылдарынан кейінгі көрініс (Көрнекі сурет).

Сирияда АҚШ бастаған коалицияның әуе шабуылдарында жараланған ресейліктер Қорғаныс министрлігінің Мәскеу мен Санкт-Петербургтегі госпитальдарында емделіп жатыр. Бұл туралы Bloomberg агенттігіне зардап шеккендердің екі танысы құпия түрде хабарлаған. Мәліметтерге қарағанда, ауруханаға бірнеше науқас аса ауыр жарақатпен түсіп, қаза тапқандар саны артқан.

7 ақпанда коалиция авиациясы Сирияның Дейр-эз-Зор провинциясында Сирия президенті Башар Асад жағында соғысқан қарулы жасақтарға әуеден соққы жасаған. Әрқилы мәліметтер бойынша, шабуылдан «Вагнер» жекеменшік әскери компанясының құрамындағы жүздеген ресейлік оққа ұшқан. Қорғаныс министрлігі Ресей азаматтарының қазасын растамай отыр. Министрлік әуе соққысы жасалған ауданда ресейлік әскерилер болмағанын айтады.

Сирияда халықаралық коалицияның соққысынан ресейлік жалдамалылар зардап шеккенін америкалық CBS телеарнасы Пентагондағы дереккөзіне сілтеме жасап хабарлаған. Жалдамалы топ Хишам елді мекенінде болған, олар мұнай кенішін басып алуға талпынған делінеді. Америкалық әскерилер қаза болғандар арасында ресейліктер бар-жоғынан бейхабар. Пентагонның мәлімдеуінше, соққы жасалардан бұрын америкалық әскерилер Ресей әскерилеріне ескерткен.

14 ақпанда кешкісін «Вагнер» жекеменшік әскери компаниясындағы жеті ресейліктің әуе соққысынан қаза тапқаны мәлім болды.

XS
SM
MD
LG