Accessibility links

Қырғызстанда «мемлекеттік қызметтен шеттетілгендер» тізімі жасалады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қырғызстан Қауіпсіздік кеңесінің бірінші орынбасары Дамир Сағынбаев елде жемқорлық немесе мемлекет меншігін тонағаны үшін жауапқа тартылған прокуратура және күш құрылымдары органдары шенеуніктерінің тізімі жасалатынын хабарлады.

«Бұл реестр бізге айыптау үкімін алғандар мемлекеттік қызметке қайта тұрмауы үшін қажет», - деді Сағынбаев.

Оның сөзіне қарағанда, жемқорлық және бюджет қаражатын жымқыруға қатысты қозғалған, бірақ негізсіз уақытша тоқтатылған істер жақында қайта қозғалып, тергеу жалғасады.

13 ақпанда Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Қауіпсіздік кеңесінің «Сот, қадағалау және құқық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлықпен күрестің өзекті шаралары туралы» шешіміне қол қойған.

XS
SM
MD
LG