Accessibility links

Астанада балалар үйінде өрт болды


Астананың картадағы орны (Көрнекі сурет).
Астананың картадағы орны (Көрнекі сурет).

Астанадағы №1 балалар үйі өртеніп, бір адам ауруханаға түсті деп хабарлады ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетіне сілтеген қазақстандық ақпарат агенттіктері.

Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметінше, үш қабатты ғимараттың үшінші қабатындағы қойма өртеніп, өрт шатырды шарпыған. Өрт туралы ақпарат төтенше жағдайлар қызметіне түске таман түскен. Өрт сағат 13-те сөндірілген.

Болжам бойынша, өрт аумағы 35 шаршы метрді құраған. Қойма меңгерушісі ыстан улану белгілерімен ауруханаға жеткізілген.

Астана қалалық білім басқармасы өрт кезінде балалар үйінің тәрбиеленушілері эвакуацияланған, балалар зардап шекпеген. Басқарма мәліметінше, №1 балалар үйінде 89 бала тұрады.

XS
SM
MD
LG