Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) төрағасы Кәрім Мәсімовпен кездесті деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. Ресми мәлімет бойынша, Мәсімов кездесуде Назарбаевқа ҰҚК-нің қазіргі жұмысы мен алда тұрған міндеттерін баяндаған.
Назарбаев аймақтық қауіпсіздікті нығайту және діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылда шетелдік әріптестермен өзара жұмыс істесудің маңызды екенін айтып, нақты тапсырмалар берген.
Бұрын президент әкімшілігінің жетекшісі, бірнеше рет премьер-министр болған Кәрім Мәсімов ҰҚК-ні 2016 жылдың қыркүйегінен бері басқарады.