Accessibility links

Журналист Әли Феруз Ресейден кетті


Журналист Әли Феруз.
Журналист Әли Феруз.

«Новая газета» басылымының журналисі Әли Феруз Ресейден кетті. Азаттықтың Орыс редакциясының хабарлауынша, ол Мәскеудің «Шереметьево» әуежайынан Германияға ұшып кетті. Феруз Ресейдің миграция заңын бұзды деп айыпталып, бірнеше ай уақытша паналау орталығында тұрған.

«Новая газета» басылымы журналиске қолдау жасап, көмек көрсеткендерге алғыс білдірді.

Өткен аптада Мәскеудің Басман соты Феруздың үшінші елге кетуіне рұқсат берген. Бұған дейін Мәскеу қалалық соты Ферузды елден шығару процедурасын тоқтатып, журналисті жарты жылға жуық уақыт тұрып жатқан шетел азаматтарын ұстау орталығынан кетпеуге міндеттеген еді.

22 қаңтарда Ресей Жоғарғы соты Ферузды елден шығару туралы сот шешімін жойып, істі қайта қарауға жіберген.

Өзбекстан азаматы Әли Феруз (шын аты-жөні - Худоберди Нурматов) бірнеше жылдан бері Ресей билігінен босқын мәртебесін ала алмай жүрген болатын. Ресей ішкі істер министрлігі "Феруз Өзбекстанға оралу жеке басына қауіпті екендігіне дәлел келтіре алмады" деген уәж айтқан. Бірақ журналистің туыстары, әріптестері мен құқық қорғаушылар Өзбекстанда Феруздың өміріне қатер төнеді дейді.

XS
SM
MD
LG