Accessibility links

Түрмеде аштық жариялаған қырғыз саясаткерлерін абақтыға ауыстырды


Қырғызстандық саясаткерлер Кубанычбек Кадыров, Бектур Асанов және Эрнест Карыбеков.
Қырғызстандық саясаткерлер Кубанычбек Кадыров, Бектур Асанов және Эрнест Карыбеков.

Қырғызстанда «билікті басып алуға дайындалу» ісі бойынша сотталған оппозициялық саясаткерлер Кубанычбек Кадыров пен Эрнест Карыбеков ИК-47 колониясынан Бішкектегі №1 абақтыға ауыстырылды. Қырғызстан Мемлекеттік жазаны атқару қызметінің (МЖАҚ) баспасөз хатшысы Александр Никсдроф Азаттықтың Қырғыз редакциясына сотталушылар абақтыға алда этаппен жөнелтілетін болғандықтан ауыстырылғанын хабарлады.

Оның сөзінше, сотталған тағы бір саясаткер Бектур Асанов әзірге ИК-47 түрмесінде қала тұрады. Адвокат Макс Кыдыкбаев сотталушыларды олардың туыстарының наразылығына байланысты ажыратқалы отыр деп біледі. Туыстары мен жақындары өздерін сотталушылар аштық жариялаған ИК-47 түрмесіне кіргізуді талап еткен.

Бектур Асанов 30 қаңтардан бастап аштық жариялаған, ал 31 қаңтарда оған Эрнест Карыбеков, 1 ақпанда Кубанычбек Кадыров қосылған. Олар өздеріне қатысты сот үкімін жойып, Қырғызстан арнайы қызметінің басшысы Абдил Сегізбаевтің қызметінен кетуін талап еткен.

7 ақпан күні Бішкек қалалық соты Первомай аудандық сотының саясаткерлерге шығарған үкімін күшінде қалдырған. 2017 жылы 17 мамырда Первомай аудандық соты Карыбековті 20 жылға, Кадыров пен Асановты 12 жылға, тағы бір оппозициялық саясаткер Дастан Сарыгуловты шартты мерзімге соттаған.

Бектур Асанов пен Кубанычбек Кадыров «билікті күшпен басып алуға немесе күшпен ұстап тұруға дайындалды» деп айыпталған. Эрнест Карыбеков «аса ауыр қылмысты жасырды» және «мемлекетке сатқындық жасады» деп айыпталған.

XS
SM
MD
LG