Accessibility links

ЕҚЫҰ Ресейдің Навальный сайтын бұғаттағанына алаңдайды


Алексей Навальныйдың Олег Дерипаска туралы фльмінен скриншот.
Алексей Навальныйдың Олег Дерипаска туралы фльмінен скриншот.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) БАҚ еркендігі мәселелері бойынша өкілі Арлем Дезир Ресейде оппозициялық саясаткер Алексей Навальный сайтының бұғатталғанына алаңдады. Сайтта ресейлік миллиардер Олег Дерипаска туралы мәлімет жарияланған еді. Арлем Дезир сайттың бұғатталуына қатысты пікірін Twitter-де жариялады.

«Ресейде Роскомнадзордың navalny.com сайтын зерттеу баяндамасы үшін бұғаттағанын алаңдаушылықпен бақылап отырмыз. Жеке ақпаратты қорғауды қоғам мүддесіне байланысты мәселелердің көтерілуіне кедергі келтіруге, немесе веб-сайтты толық бұғаттауға желеу етуге болмайды», - деп жазды Арлем Дезир.

Ресейдің Краснодар аймағы, Усть-Лабинс аудандық соты 9 ақпан күні Олег Дерипасканың Анастасия Рыбкаға (Анастасия Вашукевич) қарсы шағымын қанағаттандыру туралы шешім шығарған. Бұдан соң Ресейдің ақпараттық технология және телекоммуникация саласына бақылау жасайтын «Роскомнадзор» мекемесі Дерипасканың шағымына қатысты сот шешімі бойынша Навальныйдың «Жемқорлықпен күрес қорының» зерттеуі туралы видеоны Ресейде жариялануға тыйым салынған ақпараттардың Ортақ реестріне енгізген. Дерипаска Алексей Навальныйдың Анастасия Рыбканың Instagram-дағы суреттеріне негіздеп жасаған зерттеуінен соң Анастасия Рыбканы өзінің жеке өміріне қатысты заңсыз ақпарат таратты деп айыптаған.

Көре отырыңыз: Яхталар, олигархтар, қыздар: "жігіт аулағыш қыз" жемқорларды қалай әшкереледі?

XS
SM
MD
LG