Accessibility links

Адвокат: Бишімбаев абақтыда өзін «арандатып жатқанын» мәлімдеді


Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев сотта отыр. Астана, 8 қаңтарда 2018 жыл.
Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев сотта отыр. Астана, 8 қаңтарда 2018 жыл.

Бұрынғы ұлттық экономика министрі, жемқорлық айыбы тағылған Қуандық Бишімбаев 16 ақпан күні сотта абақтыда«арнайы контингент» өзін арандатпаққа тырысып жатқаны туралы мәлімдеме жасады деп хабарлады Азаттық тілшісі.

Астанада жұма күні түстен кейін Бишімбаев ісіне қатысты соттың жарыссөзы өтуі тиіс болған. Бірақ екі сотталушының адвокаты келмей қалғандықтан жарыссөз өтпеді. Сотқа журналистерді кіргізбеді. БАҚ өкілдерін сот залындағы оқиғаны көрсететін монитор орнатылған бөлмеге кіргізген. Бірақ монитордан ешнәрсе көрсетілмеді.

Соттан кейін Бишімбаевтің адвокаттарының бірі Мәди Мырзағараев Бишімбаев бүгінгі сотта судьяға абақтыда «арнайы контингент» өзін «ел басшылығының абыройы мен қадыр-қасиетін қаралайтын түсініксіз әңгімеге тартып, сол арқылы арандатпақ болғаны туралы» мәлімдегенін айтты. Адвокаттың сөзінше, Бишімбаев «ондай әңгімелерден бас тартса, әлгі топ арандататын заңсыз әрекеттер жасайтынын» айтқан. Бишімбаев осыған байланысты соттан өзін арандатушылық әрекеттерден оқшаулауды сұраған.

Судья Бишімбаевтың бұл өтінішін ескеретінін айтты.

Сот отырысы 19 ақпанда жалғасатын болды.

Қаңтардың 8-і сот процесінде сөз алған бұрынғы ұлттық экономика министрі, 37 жастағы Қуандық Бишімбаев «ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен барша қазақстандықтардың сенімін ақтай алмағаны» үшін өзін кінәлі сезінетіні туралы мәлімдеген.

Видео: Бишімбаев Назарбаевтан кешірім сұрады (08.01.2018)

Бишімбаев Назарбаевтан кешірім сұрады
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:47 0:00

Қуандық Бишімбаев 2016 жылы ұлттық экономика министрі қызметін сегіз ай атқарған. Ол 2017 жылдың 10 қаңтарында «топ болып алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі көлемде бірнеше рет пара алған» деген күдікпен ұсталған. Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы экс-министр Қуандық Бишімбаевқа жалпы сомасы 346 миллион теңге пара алған және 1,2 миллиард теңге көлемінде қаржы жымқырған деген айыптар тағылғаны туралы хабарлаған. Тергеу барысында Бишімбаевтің қамау мерізімі бірнеше рет ұзартылған.

XS
SM
MD
LG