Accessibility links

АҚШ-тың Үлкен жюри соты жалпы саны 13 ресейлік пен ресейлік компанияға "АҚШ-тағы сайлау процесіне араласты" деген және тағы бірнеше айып тақты. Бұл айыпталушы тұлғалар мен ұйымдар бейресми түрде "Ресейдің тролль фабрикасы" деп аталып кеткен.

Айыптау туралы мәліметті 16 ақпанда ФБР-дің бұрынғы басшысы Роберт Мюллер басқаратын комиссия жариялады. Бұл - АҚШ-тағы Ресейдің іс-әрекетін тексеріп жатқан комиссияның жұмысы кезінде тағылған алғашқы ауқымды қылмыстық айыптар.

Жария болған сот құжатында жюри Ресейдің құрылымдары АҚШ-тың саяси процестеріне 2014 жылдан бастап киліге бастағаны жазылады. Құжатқа сәйкес, айыпталушылардың кейбірі кезінде "АҚШ-тағы адамдар" деп аталып, президент Дональд Трамптың сайлау штабына қатысы бар тұлғалармен байланыс орнатқан. Жюри әлгі тұлғалардың ресейліктермен қарым-қатынас жасап жүргенінен "бейхабар" болғанын жазады.

Айып тағылған адамдардың бірі бизнесмен Евгений Пригожин - Ресей президенті Владимир Путинге "жақын адам" деп сипатталады.

АҚШ-тағы Үлкен жюри - федералдық соттардан бөлек кеңейтілген алқабилер соты. Оған мүше болатын қарапайым азаматтар саны 23-ке дейін жетуі мүмкін. Алқабилер қысымға ұшырамауы үшін Үлкен жюридің отырыстары жабық өтеді.

Оқи отырыңыз: Трамптың бұрынғы кеңесшісіне айып тағылды

АҚШ-та 2016 жылғы президент сайлауына Ресейдің ықтимал араласуына қатысты тергеу жалғасып жатыр. Тамыздың басында арнайы прокурор Роберт Мюллердің Ресейдің АҚШ президенті сайлауына ықтимал килігуін тергеу аясында үлкен алқабилер алқасын шақыртқан. Мюллер Трамптың штабы президент сайлауындағы оның бәсекелесі Хиллари Клинтонның позициясын әлсірету үшін Кремльмен астыртын мәмілеге барды ма, жоқ па деген сауалға жауап іздейді. Мәскеу өзге мемлекеттердегі сайлауға араласқаны туралы ақпаратты үзілді-кесілді жоққа шығарады.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

AzatNews 22.06.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:18 0:00
XS
SM
MD
LG