Accessibility links

Назарбаевтың Қытай телеарнасына берген сұхбаты жарияланды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытайдың CCTV телеарнасына берген сұхбатында терроризм мен экстремизмге қарсы мемлекеттер тек бірлесіп күресе алады деген пікір білдірді. Сұхбаттың толық нұсқасы жұма күні кешке қазақстандық "Хабар 24" телеарнасынан көрсетілді.

"Терроризмге қарсы тек қана бірлесе күресуге болады. Әр мемлекет жеке-жеке күресе алмайды. Терроризм кез-келген жерде бас көтеретін зұлымдық", - деді Назарбаев.

Қазақстан басшысы аймақтағы тұрақтылықты сақтау мәселелеріне қатысты мемлекетаралық серіктестікті нығайту қажеттігі туралы да айтты. Ол Ауғанстанның ішкі қауіпсіздігін нығайтуы мен тұрақтылық орнатуына Қазақстанның да мүдделі екенін білдірді.

Сонымен бірге Назарбаев Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық, екі елдің "Нұрлы жол" және "Бір белдеу, бір жол" бағдарламалары аясындағы екіжақты ықпалдастығы, биыл қаңтарда Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етуі, Шанхай ынтымақтастық ұйымын одан ары дамыту туралы тілші сұрақтарға жауап берді.

XS
SM
MD
LG