Accessibility links

Прокуратура: Алматы мен үш облыста 29 адам ұсталды


Көрнекі сурет.

Қазақстанның үш облысы мен Алматы қаласында жүргізілген арнайы операция барысында заңсыз іс-әрекеттер мен ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы бар деген күдікпен 29 адам ұсталған. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

"15-16 ақпанда Қазақстан Бас прокуратурасының үйлестіруімен Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросының қызметкерлері кеден төңірегіндегі құқық бұзушылықтың жолын кесу, ұйымдасқан қылмыстық топтарға қарсы күресті күшейту және ел шекарасында контрабандалық әрекеттерді жою үшін Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында ірі масштабты арнайы операциялар жүргізді", - делінген хабарламада.

Ақпаратта операция барысында Алматы, Жамбыл облыстары мен Алматы қаласында 16 адам және Оңтүстік Қазақстан облысында 13 күдіктінің ұсталғаны айтылған.

"Ұсталғандар арасында кеден қызметінің және құқық қорғау органдарының шенді қызметкерлері, брокерлер, делдал, қылмыс әлемінің өкілдері, сондай-ақ Қырғызстан Республикасының екі азаматы бар", - деп хабарлады Бас прокуратура.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG