АҚШ пен Түркия Сириядағы ынтымақтастық жөнінде келісімге келді. Бұдан бірнеше апта бұрын Түркияның Сирияда жүргізген әскери операциясынан кейін Вашингтон мен Анкараның арасында салқындық пайда болған еді.
Ақпанның 16-сы күні Анкарадағы келіссөзден кейін АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон мен Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу екіжақты қарым-қатынастағы күрделі мәселелерді шешу үшін жұмысшы топтарын құратыны туралы мәлімдеген.
"Біз енді әркімнің жеке-жеке, АҚШ бір бөлек, Түркия бір басқа қимылдайтын іс-әрекеттер жасамаймыз", - деген Тиллерсон. Ол алда "атқарылар көп жұмыстар" барын айтқан.
Чавушоглуның мәлімдеуінше, Түркия мен АҚШ екіжақты қарым-қатынасты қалпына келтіру қажеттігіне тоқталған.