Accessibility links

Жазушы Рақымжан Отарбаев дүниеден өтті


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстандық белгілі жазушы, драматург Рақымжан Отарбаев ақпанның 17-іне қараған түні 61 жасында Атырау қаласында дүниеден өтті. Бұл туралы жергілікті баспасөз құралдары хабарлады.

Рақымжан Отарбаев 1956 жылы 19 қазанда Атырау облысында дүниеге келген. Орал педагогика институтының филология факультетін тәмамдаған.

Рақымжан Отарбаев "Орал өңірі" газетінде, Қазақ телерадио комитетінде, "Қазақ әдебиеті" газетінде, "Жалын" журналында жұмыс істеген. Қазақстанның Қырғызстандағы елшілігінің атташесі қызметін атқарған. Әр жылдарда Маңғыстау облыстық радиотелевидение компаниясын, Атырау облыстық драма театрын, Астанадағы Қазақстан ұлттық академиялық кітапханасын басқарған.

Жазушының "Шер", "Жұлдыздар құлаған жер", "Жайық жыры", "Қараша қаздар қайтқанда", "Дауысыңды естідім", "Отверженный мир" атты кітаптары жарық көрген.

XS
SM
MD
LG