Accessibility links

АҚШ-тың денсаулық саласы бойынша жауапты федералдық ұйымы - ауруларды бақылау және алдын алу орталығы (CDC) елде тұмау (грипп) дерті 84 баланың өліміне себеп болғаны туралы хабарлады. Бұл әлемде "доңыз тұмауы" індеті тараған 2009 жылдан бергі кезеңдегі АҚШ-тағы ең үлкен көрсеткіш.

CDC есебінде АҚШ-тың 50 штатының 48-інде тұмау тарап отырғаны айтылған.

Қаңтардың 27-індегі жағдайы бойынша, елде дерттен қайтыс болғандардың 10 пайызының ажалына тұмау немесе пневмония себепші болған. Дәрігердің көмегіне жүгінген әрбір 13 адамның тұмау жұқтырғаны анықталған.

CDC ұйымының тағы бір есебінде, биыл АҚШ-та тұмаудың алдын алу мақсатында пайдаланылған вакцинаның тиімділігі 25 пайызды құрағаны айтылған. Бірақ, дерттен көз жұмған балалардың көпшілігі ауруға қарсы алдын ала егілмеген.

XS
SM
MD
LG