Accessibility links

Порошенко: Ресей әлемдік гибрид соғысын бастады


Украина президенті Петр Порошенко. Мюнхен, 16 ақпан 2018 жыл
Украина президенті Петр Порошенко. Мюнхен, 16 ақпан 2018 жыл

Украина президенті Петр Порошенко Ресей дүниежүзілік "гибридтік" соғысты бастап кетті деп санайды. Мюнхенде қауіпсіздік жөніндегі халықаралық конференцияда сөйлеген сөзінде ол қазіргі заманғы әлемдік қауіпсіздік проблемаларының белгілері ғана емес, соған қоса төркіні де ортақ деп мәлімдеді.

"Ресей бастаған гибридтік соғыс дүниежүзілік гибрдитік соғысқа айналып барады", – деді ол.

Бұған қоса Порошенко Ресейдің пиғылы әлемнің түрлі елдеріндегі маргиналды радикалдық партияларды қолдауынан да байқалып отырғанына назар аударды. Украина президенті сонымен бірге интернет-тролльдер мен жалған (фейк) жаңалықтар өндірісін Мәскеудің іс-әрекетіне мысал ретінде келтірген. Порошенконың пікірінше, оларға Ресей қолдау көрсетіп отыр.

XS
SM
MD
LG