Accessibility links

Қазақстан спортшылары олимпиада финалына шыға алмады


Анастасия Крестова (34) іріктеу жарысында. Пхенчхан. 17 ақпан 2018 жыл.
Анастасия Крестова (34) іріктеу жарысында. Пхенчхан. 17 ақпан 2018 жыл.

Пхенчхан олимпиадасында 17 ақпанда Қазақстан спортшылары медаль ала алмады. Қазақстандық шорт-трекшілер Ким А Йонг пен Анастасия Крестова 1500 метрлік жарысты іріктеу кезеңінен аяқтады.

Ким А Йонг іріктеу тобында төртінші орын алды. Жартылай финалға үштікке енген спортшылар өтті. Ал Крестова мұзда қарсыластарының бірін итергені үшін пенальти алып, жарыстан шеттетілді. Бұл қашықтықта алтынды Минчжеон Чой (Оңтүстік Корея), күмісті Ли Цзиню (Қытай), қоланы Ким Боутен (Канада) иеленді.

Ким жарыстан кейін нәтижесіне мүлде көңілі толмайтынын, бапкері қойған тактиканы толық орындай алмағанын айтты. Ким А Йонг Оңтүстік Кореяда туған. 2014 жылы Қазақстан азаматтығын алып, осы елдің құрамасында жарыстарға қатысып жүр.

Фристайлдың акробатика түрінен ерлер арасындағы жарысқа қатысқан Илдар Батрудинов финалға шыққан 12 үздіктің қатарына енген жоқ. Ол 21-орын алды.

17 ақпаннан кейін Қазақстан бір қола медальмен жаплы есепте Лихтенштенймен 23-орынды бөлісіп тұр. Қазақстанның бір қоласын фристайлдың могул түрінен ЮЛия Галышева иеленген.

XS
SM
MD
LG