Жексенбі күні Алматыдан солтүстікке қарай 587 километр қашықтықта 4,7 магнитудалы жер сілкінісі тіркелген.
Алматы уақыты бойынша сағат 15:47 кезінде тіркелген жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, жер қабатының 15 километр тереңдігінде болған деп хабарлайды Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістеме-тәжірибелік орталығы.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10,8 деп хабарланды.