Accessibility links

Мюнхенде Донбасқа бітімгерлер енгізуді талқылады


НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг (оң жақта) пен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров. Мюнхен, 12 ақпан 2016 жыл.

Украинаның шығысындағы жанжал аймағында бітімгерлерді орналастыру туралы келіссөздерде әзірге прогресс байқалмайды деп мәлімдеді НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг. Бұл туралы ол қауіпсіздік бойынша халықаралық конференция өтіп жатқан Германияның Мюнхен қаласында Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен келіссөз өткізгеннен кейін айтқан.

Осының қарсаңында Мюнхенде Сергей Лавров Украина сыртқы істер министрі Павел Климкинмен бітімгерлер мәселесін талқылаған болатын. Климкиннің айтуынша, екі тарап ешқандай келісімге келе алмаған.

Мюнхендегі халықаралық жиында сөйлеген АҚШ президентінің Украина бойынша арнайы өкілі Курт Уолкердің сөзінше, егер Ресей Донбастағы төрт жылға жуық уақыт жалғасып жатқан жанжалды шешуді қаласа, онда Украина аумағынан күштерін әкетуі тиіс. Донбасқа жанжалды реттеу жөніндегі Минск келісімінің саяси тармақтарының орындалуын және сол жердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ететін халықаралық бітімгерлер күштері енгізілуі керек. Уолкер Донбастан ресейлік әскерилер кетпейінше бітімгерлерді кіргізу туралы сөз қозғауға болмайды деп айтты. Мәскеу Украина территориясында ресейлік әскерилер барын жоққа шығарады.

Бұған дейін Германия сыртқы істер министрі Зигмар Габриэль Мюнхенде ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен кездескеннен кейін, "бітімгерлерді енгізген соң, Ресейге салынған санкцияларды кезең-кезеңімен алуға болатыны" туралы мәлімдеген.

Мюнхенде Ресей, Украина Германия және Франция сыртқы істер министрлерінің қатысады деп жоспарланған "Норман форматындағы"кездесу өтпей қалған.

AzattyqTV

"Сүйкімді" Сталинге дауыс беру сәті
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:25 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG