Accessibility links

Иранда жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған


ATR 72 жолаушылар ұшағы құлаған ауданның картасы
ATR 72 жолаушылар ұшағы құлаған ауданның картасы

Иранда бүгін ATR 72 жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған. Иран баспасөз құралдарының хабарлауынша, Тегераннан елдің оңтүстік-батысындағы Ясудж қаласына бара жатқанда Исфахан аймағының Семиром қаласы маңындағы тауға құлаған ұшақта 66 адам болған.

Тегераннан ұшып шыққаннан кейін шамамен бір сағатқа жуық уақыт өткенде ұшақ радардан көрінбей кеткен.

Апат болған таулы аудандағы қалың тұман кесірінен тікұшақ қона алмаған соң құтқарушылар оқиға орнына автокөлікпен аттанған.

Ұшақ апатына не себеп болғаны әзірше белгісіз.

XS
SM
MD
LG