Accessibility links

Мәскеуде Путин туралы акция өткізген адам ұсталды


Виктор Пашин «Алдамшылық» акциясын өткізген үлкен шарының жанында тұр. Мәскеу, 18 ақпан 2018 жыл.
Виктор Пашин «Алдамшылық» акциясын өткізген үлкен шарының жанында тұр. Мәскеу, 18 ақпан 2018 жыл.

Мәскеуде 18 ақпан күні күндіз Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) кеңсесінде акционист Виктор Пашин ұсталды. Ол «Алдамшылық» деп аталатын перформанс көрсеткен. Ол ФСб кеңсесі алдында «Путин» деп жазылған үлкен шар «киіп» шықты. Ол шарға «Хватит» және «Гниль» деп жазылған шарлар байланған. Бұл жайында ОВД-Инфо басылымына Виктор Пашиннің серігі Анна Завражнова хабарлады.

Акция туралы хабарламада оның президентке қарсы және билік ауысуы мен барлық адамның заң алдында теңдей болғанын қолдау мақсатында ұйымдастырылғаны айтылады.

Завражнованың айтуынша, Виктор Пашинді «Мещанский» полиция бөліміне алып барып, қоғамдық тәртіпті бұзғаны ұшін ұсталғаны туралы хаттама толтырған.

XS
SM
MD
LG