Accessibility links

Прокурор Бишімбаевты 12 жылға соттауды сұрады


Прокурор Сәуле Сыдықова Қуандық Бишімбаев ісінің жарыссөзінде сөйлеп тұр. Астана, 19 ақпан 2018 жыл.
Прокурор Сәуле Сыдықова Қуандық Бишімбаев ісінің жарыссөзінде сөйлеп тұр. Астана, 19 ақпан 2018 жыл.

Бұрынғы ұлттық экономика министрі, сыбайлас жемқорлық айыбымен сотталып жатқан Қуандық Бишімбаевтың ісінде 19 ақпан күні тараптар жарыссөзге көшті. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, жарыссөзде әуелгі сөз айыптаушы прокурор Сәуле Сыдықоваға берілді. Прокурор соттан Бишімбаевты Қылмыстық кодекстің 28-бабының 3-бөлімі (« Қылмыстық құқық бұзушылық жасауды ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылық ету, сол сияқты қылмыстық топты құру не оған басшылық ету»), 189-бабы 4-бөлімінің 2-тармағы («Топ болып немесе астыртын сөз байласып, сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салуды ұйымдастыру») бойынша айыпты деп тануды сұрады. Прокурор Сыдықова осы тағылған айыптар негізінде Бишімбаевқа 12 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кесу, мемлекеттік басшылық қызметті атқару құқығынан өмірбақиға айыру, мемлекеттік «Құрмет» орденін қайтарып алуды және қылмыстық жолмен алынған мүлкін тәркілеуді сұрады.

Қаңтардың 8-і сот процесінде сөз алған 37 жастағы Қуандық Бишімбаев «ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен барша қазақстандықтардың сенімін ақтай алмағаны» үшін өзін кінәлі сезінетіні туралы мәлімдеген.

Қуандық Бишімбаев 2016 жылы ұлттық экономика министрі қызметін сегіз ай атқарған. Ол 2017 жылдың 10 қаңтарында "топ болып алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі көлемде бірнеше рет пара алған" деген күдікпен ұсталған. Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы экс-министр Қуандық Бишімбаевқа жалпы сомасы 346 миллион теңге пара алған және 1,2 миллиард теңге көлемінде қаржы жымқырған деген айыптар тағылғаны туралы хабарлаған. Тергеу барысында Бишімбаевтың қамау мерзімі бірнеше рет ұзартылған.

Видео: Бишімбаев Назарбаевтан кешірім сұрады (08.01.2018)

Бишімбаев Назарбаевтан кешірім сұрады
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:47 0:00

XS
SM
MD
LG