Accessibility links

Алматы соты Қырғызстан депутатын қамауға алды


Дамирбек Асылбек уулу, Қырғызстан парламентінің депутаты.

Алматы соты Қырғызтан парламентінің депутаты, Қазақстанда «тауар контрабандасына қарсы» операция барысында ұсталған Дамирбек Асылбек уулын қамауға санкция берді. Жергілікті ақпарат агенттігінің сотқа сілтеме жасап хабарлауынша, Асылбек уулу Алматының Алмалы аудандық сотының 17 ақпандағы санкциясымен екі айға қамауға алынған.

Соттың хабарлауынша, қамаудағы депутат «мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті адамның Еуразия экономикалық одағының шекарасы арқылы тауар немесе басқа да заттарды ірі көлемде алып өтуі» және трансұлттық ұйымдасқан топқа немесе трансұлттық қылмыстық ұйымға қатысу» күдігіне ілінген.

Дамирбек Асылбек уулымен бірге ұсталып, екі айға қамалған Қырғызстанның тағы екі азаматы Уланбек Мурадилов пен Чынгыз Абакиров «экономикалық контрабанда» және «трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық топты құру, басқару және оларға қатысу» баптары бойынша күдікті деп танылған.

18 ақпанда Қазақстан бас прокуратурасы елдің оңтүстік облыстарында жүргізілген арнайы операцияда 35 адам ұсталып, олардың 33-і қамалғанын хабарлаған.

19 ақпан күні Дамирбек Асылбек уулының парламенттегі «Қырғызстан» фракциясының әріптестері депутаттың ұсталғаны туралы ақпарат фракция үшін «күтпеген жағдай» болғанын мәлімдеген.

«Бізге жеткен мәлімет бойынша, депутаттың тағылған айыптарға қатысы болмаған. Фракция Қырғызстан Сыртқы істер министрлігімен және құқық қорғау органдарымен ұдайы байланыста отыр. Қазақстанның тиісті уәкілетті органдары Қырғызстан азаматтарының құқығын және заңды сақтап, әділ тергеу жүргізеді деп үміттенеміз» делінген фракция мәлімдемесінде.

AzattyqTV

Сталинге дауыс беру сәті
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:25 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG