Accessibility links

Украина Ресейдің үстінен Гаага сотына шағымданды


Қырымның Феодосия порты. Қаңтар 2018 жыл.

Украина БҰҰ-ның Гаагадағы халықаралық трибуналына Ресейдің теңіз құқығы туралы БҰҰ конвенциясын бұзуына байланысты меморандум тапсырды. Украина Сыртқы істер министрлігінің (СІМ) хабарлауынша, меморандумда Ресейдің Қара теңіз бен Азов теңізінде және Керчь бұғазында Украина құқығын бұзғанына дәлелдер келтірілген.

Украина президенті Петр Порошенко меморандумда «Қырымда Украина егемендігін қалпына келтіру мәселесі туралы әңгіме қозғалмағанын» мәлімдеді. Оның сөзінше, меморандум Украинаның экономикалық мүдделерін және Қырымдағы мүлкі тәркіленген жекелеген инвесторлардың мүдделерін қорғау үшін берілген.

Украина СІМ Киев арбитраж сотынан Ресейдің теңіз құқығы туралы БҰҰ конвенциясын бұзуын тоқтатып, Украинаның Қара теңіз бен Азов теңізіндегі және Керчь бұғазындағы құқығын айқындап беруін сұрайтынын хабарлады. Киев соттан Ресейді өз суларында Украинаның егеменді құқығын құрметтеуге, украиналық ресурстарды игеруін тоқтатуға және келтірілген зиянның өтемін төлеуге міндеттеуді сұрап отыр.

«Ресей халықаралық құқықты өрескел бұзып, Украинаға тиесілі энергетикалық ресурстар мен балық қорын ұрлап отыр. Заңсыз Керчь көпірін салуға байланысты украиналық порттарға кемелердің кіруіне кедергі келтіріп, украин балықшыларына зиян келтіріп отыр» деп хабарлады Украина СІМ.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

AzatNews 16.11.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:38 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG