Accessibility links

Лавров: Батыс елдері Балқанда шиеленісті күшейтіп отыр


Сергей Лавров, Ресей сыртқы істер министрі.
Сергей Лавров, Ресей сыртқы істер министрі.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров АҚШ пен Еуропаның бірқатар елін Балқан түбегінде Шығыс пен Батыс арасында шиеленісті күшейтті деп айыптады.

Лавров осы аптада Сербияға сапары қарсаңында 19 ақпанда сербиялық «Бета» агенттігіне сұхбат берді. Ол сұхбатында Батыстың «антиресейшіл елдері» Балқан түбегі елдерін Еуропа Одағы (ЕО) мен НАТО-ға қосылу үшін «я Ресейді, не болмаса Батысты» таңдауға мәжбүрлеп жатқанын айтты. Сербияның N1 TV телеарнасына берген сұхбатында Лавров Балқан елдерін мұндай таңдау жасауға мәжбүрлеу «дұрыс емесін» жеткізді. Оның сөзінше, Ресей Балқан түбегінің Сербия сияқты елдерімен байланыс орнатып, өз мүдделерін қолдай береді.

Таяуда ЕО Сербия мен Черногорияны ЕО-ға 2025 жылға дейін қабылдау мақсатын жариялаған. ЕО одақ құрамына қосылу үшін бұл елдерге заң үстемдігін орнату, адамның негізгі еркіндіктеріне кепілдік беру және аймақтағы территориялық дауларды шешу туралы шарт қойған. ЕО-ға мүше болу үшін Ресейге қарсы саясат ұстану туралы шарт қойылмаған.

Сербия Мәскеумен әлі де тығыз байланыс орнатқан және ЕО-ның Ресейге Украинаға қарсы басқыншылық саясатына байланысты салған экономикалық санкцияларына қосылмайтынын мәлімдеген. Көршілес Македония мен Черногория былтыр НАТО-ға қосылса, Белград альянсқа мүше болуға ұмтылып отырған жоқ. Белградтың бейтарап әскери саясаты АҚШ пен Еуропа басшыларына қарсы келген емес.

XS
SM
MD
LG