Accessibility links

Ирандағы қақтығыста бес полицей өлді


Тегерандағы наразы діни топ пен полиция қақтығысының көрінісі
Тегерандағы наразы діни топ пен полиция қақтығысының көрінісі

19 ақпанда Иран астанасы Тегеран қаласында сопылық діни топ өкілдері мен полиция арасында қақтығыс болып, бес полицей қаза тапты деп хабарланды. Полицияның ақпараты бойынша, наразылық шарасы кезінде 300-дей адам қамауға алынған.

Дәруіштер атанып кеткен Гонабади сопылық тариқатының өкілдері дүйсенбі күні Тегеранның солтүстік бөлігінде көтерілген еді.

Әлеуметтік желіге тараған жазбаларға қарағанда гонабадилер діни қауымдастықтың мүшелері қамауға түскен соң полицияның әрекетіне қарсы шыққан.

Мемлекеттік телеарна көрсеткен, әлеуметтік желілерде жарияланған видеода Тегеранның солтүстік бөлігінде автобус бір топ полицейге барып соғылады.

Бастапқыда бұл шабуылдан үш полицей қаза тапты деп хабарланған. 20 ақпанда полиция Революция қорғаушылар корпусына қарасты Басидж қарулы жасағының және екі сарбазы мерт болғанын мәлімдеді. Бұл ақпаратты тәуелсіз түрде тексеру мүмкін емес.

Исламның мистикалық бағыты болып саналатын суфизм (сопылық) Иранда заңсыз деп жарияланбаған. Бірақ құқық қорғаушылар Иран үкіметін Гонабади сияқты жергілікті сопылық мектеп өкілдерін қудалайды деп айыптап келеді.

Нью-Йоркте орналасқан Ирандағы адам құқықтарын бақылау орталығы соңғы бірнеше айда Иранда бірнеше дәруіштің ұсталғанын хабарлады.

Былтыр наурызда БҰҰ-ның Иран бойынша уәкілі Тегеранның сопылық азшылық топтарға қысым жасап жатқанын айтып, алаңдаушылық білдірген.

XS
SM
MD
LG