Accessibility links

Шымкентте «деструктивті діни ағым» мүшесінің соты басталды


Шымкенттегі әл Фараби аудандық соты (Көрнекі сурет).
Шымкенттегі әл Фараби аудандық соты (Көрнекі сурет).

Шымкенттің Әл-Фараби аудандық соты 2017 жылы қыркүйекте «Гарант» дүкендері аумағында «деструктивті ағым мүшесі» деген күдікпен ұсталып, қамауға алынған Бақытжан Ізтілеуовтің ісін қарай бастады. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, сот отырысына судья Еркебұлан Төрешов төөрағалық жасады.

Сот процесіне айыпталушы Бақытжан Ізтілеуов пен оның адвокаты және туыстары мен таныстары қатысты. Судья процеске прокурор Жаманбаевтың белгісіз себеппен келмей қалғанын хабарлады. Айыпталушының адвокаты Төлегенов соттан істі қазақ тілінде жүргізуді және қоғамдық қорғаушы тағайындауды сұрап туралы талап-арыз білдірді. Бақытжан Ізтілеуов адвокатының сөзін қолдады. Сот отырысы басталғаннан жиырма минут өткеннен соң судья талап-арыз келесі сот отырысында қаралатынын айтты. Келесі сот отырысы наурыздың 5-іне белгіленді.

Бақытжан Ізтілеуов Қылмыстық кодекстің 174-бабының 1 және 2-бөлігі («Алдын ала сөз байласу арқылы діни алауыздықты қоздыру»), 256-баптың 1-бөлімі («Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру») бойынша күдікті деп танылған. Бұған дейін оны қамауға алу мерзімі бірнеше рет ұзартылған.

Ізтілеуовпен бірге бір күнде ұсталған Самат Борашев Қылмыстық кодекстің 174-бабының 1-бөлігімен («Жария түрде немесе ақпарат құралдары арқылы діни араздықты қоздыру») айыпты деп танылып, бас бостандығы үш жарым жылға шектелген.

XS
SM
MD
LG