Accessibility links

Порошенко Донбасс туралы заңға қол қойды


Петр Порошенко, Украина президенті.
Петр Порошенко, Украина президенті.

Украина президенті Петр Порошенко Донбасты реинтеграциялау туралы заңға қол қойды. Порошенконың сөзінше, Украина елдің шығысындағы жағдайды бейбіт түрде реттеу жолынан айнымайды.

Заң мәтінінде Украинаның шығысындағы Ресей қарулы күштері мен басқа да қарулы құрылымдар іс-қимылының заңсыз екені, ал мұндай іс-қимылмен байланысты жасалған кез-келген актінің заңға қайшы екені және құқықтық салдары болмайтыны айтылады.

Украиналық БАҚ-тың хабарлауынша, құжатта Ресей басқыншы мемлекет деп танылған. Сондықтан заңда Украинаның басып алынған аумағындағы адам құқықтары мен еркіндігінің бұзылғанына басқыншы мемлекет – яғни Ресей жауапты екені көрсетілген.

XS
SM
MD
LG